Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы — өңірдің тұрақты дамуының құралы

Солтүстік Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы — өңірдің тұрақты дамуының құралы

by Камилла Кәрім

views 196
cover

Солтүстік Қазақстан облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту өңір дамуының басым бағыттарының бірі болып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын жоюмен қатар, қауіпсіздік, цифрландыру және білім сапасы талаптарына сай заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды SKO24.kz.

Жобаның аясында «Береке» шағын ауданында 600 орынға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын Петропавл қаласындағы «Единство» ЖШС жүргізді. Мектеп 1 қыркүйектен бастап жұмысын бастап, алғашқы күннен-ақ тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды.

Қазіргі таңда білім ордасында 1-11 сынып аралығында 747 оқушы және 50 мектепалды даярлық тәрбиеленушісі білім алуда. Оқу процесін 72 педагог қамтамасыз етеді.

Мектеп заманауи стандарттарға толық сәйкес келеді. Мұнда қауіпсіз және жайлы жағдай жасалған, цифрлық инфрақұрылым енгізілген, жаратылыстану пәндері үшін арнайы кабинеттер жабдықталған. Сондай-ақ спорт және акт залдары, оқушыларға арналған демалыс аймақтары бар.

Жаңа мектептің ашылуы шағын аудан үшін аса маңызды. Ол қолданыстағы білім беру ұйымдарына түсетін жүктемені азайтып, екінші ауысымдағы оқушылар санын қысқартады және балаларға тұрғылықты жеріне жақын жерде білім алу мүмкіндігін береді.

Осылайша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Солтүстік Қазақстан облысының адами капиталын дамытуға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етуде.