СҚО жаналықтары
-
СКО-да балалардың жол қауіпсіздігіне арналған акция өтті
2026 жылғы 20 қарашада облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқық бұзушылық деңгейін төмендету жөніндегі өңірлік Жол картасын, сондай-ақ «Саналы ұрпақ», «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз қала» жобаларын іске асыру аясында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты кезекті акция өтті
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да жылыту маусымы басталғалы 28 өрт тіркелді: ТЖД алдын алу шаралары туралы айтты
Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері 28 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе аз. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері брифинг барысында мәлімдеді
Камилла Кәрім -
-
Еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Президент Жолдауы туралы пікір білдірді
Қазақстан Республикасы Президентінің бүгінгі Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, экономиканы дамыту және бірқатар маңызды саланы өркендету мәселелері көтерілді. Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент алдына нақты міндеттер қойып, әр сала бойынша алдағы басымдықтарға тоқталды
Камилла Кәрім -
-
Петропавл – Көкшетау автожолын кеңейту: «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Оспанов Президент Жолдауындағы бастамаларға тоқталды
Солтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері Мемлекет басшысының Жолдауында кеңінен қамтылды. Президент тапсырмаларының өңір үшін маңызына «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Кемел Оспанов тоқталды
Камилла Кәрім -
-
Петропавл қаласындағы Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің директоры Жібек Жамулдинова білім беру саласының негізгі міндеттерін атап өтті
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына қатысты көтерілген бастамалар педагогтерге жаңа міндеттер жүктейді. Ұстаз мәртебесін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндік жасау және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану – бүгінгі білім жүйесінің басты бағыттары. Бұл туралы Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің директоры Жамулдинова Жібек Искенқызы пікір білдірді
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да Kozybayev University Басқарма мүшесі Әділхан Төлепберген азаматтық жауапкершіліктің ел болашағындағы рөліне тоқталды
Елдің болашағы тек мемлекеттік шешімдерге ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі мен қоғам алдындағы ұстанымына да байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірген Kozybayev University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Басқарма мүшесі Әділхан Төлепберген айтты
Камилла Кәрім -
-
СҚО тәжірибесі – ел игілігі: Мамлют ауданының Еңбек Ері Мұрат Қаражұманов мал шаруашылығын дамыту жолдары туралы
Мамлют ауданындағы «Мамбетов и К» серіктестігінде механизатор болып 40 жылға жуық уақыт еңбек етіп келе жатқан Мұрат Қаражұманов – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері. Ол солтүстікқазақстандық шаруалардың мал шаруашылығын қалай дамытып жатқаны және мал өнімділігін арттыруға қандай технологиялар көмектесетіні туралы айтып берді
Камилла Кәрім -
-
Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінің жұмысына қатысты. Кездесудің басты тақырыбы президенттік реформалар, олардың жастар әлеуетін ашудағы рөлі және жас буынның Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыруға қатысуы болды. Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесіп, аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты
Камилла Кәрім -
-
Қатаң бақылау – әділ баға: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2026 жылғы 10 айдағы жұмыс қорытындысы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2026 жылдың 10 айында сауда қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген мемлекеттік бақылау жұмысының қорытындысын шығарды
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да жастар театры ашылса, өңір мәдениетіне жаңа серпін береді – Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым
2027 жылдың Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялануы еліміздің өңірлерінде жаңа нысандардың бой көтеруіне және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына тың серпін бермек. Бұл бастама мәдениет саласы үшін де маңызды. Әсіресе, жаңа мәдениет ошақтарын салу, шығармашылық ұжымдардың мүмкіндіктерін кеңейту және жас таланттарды қолдау өзекті
Камилла Кәрім -
-
ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес СҚО тұрғындары өзін-өзі басқару институттары арқылы өңірдің дамуына қалай ықпал ете алады? Бұл туралы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Болат Базарбаев айтып берді
Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде айқындайды. Азаматтар өз құқықтарын республикалық деңгейде ғана емес, жергілікті өзін-өзі басқару институттары арқылы да жүзеге асыра алады. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жергілікті деңгейдегі институттардың үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Бұл ретте мәслихаттар мен қоғамдық диалогтың рөлі ерекше
Камилла Кәрім -
-
Солтүстік Қазақстанда ұлттық ономастикаға арналған облыстық байқау өтті
Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық ономастиканы дамытуға, тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге және осы саладағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқау өтті
Камилла Кәрім -
-
Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық инвесторлардың қатысуымен ірі жобалар жүзеге асырылуда
Солтүстік Қазақстан облысында инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттың маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тағы да атап өтті. Президент экономиканың дамуына жаңа серпін беру үшін озық технологиялары, қажетті сараптамалық тәжірибесі және әлемдік нарықтарға шығу мүмкіндіктері бар жетекші шетелдік және отандық компанияларды тарту керектігін айтты. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD.» компаниясының құрылтайшысы Гы Кайхуаумен кездесіп, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады
Камилла Кәрім -
-
Адал еңбек елеусіз қалмады: екі солтүстікқазақстандық мемлекеттік марапатқа ие болды
Республика күні қарсаңында Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының екі азаматы жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 1,5 млн теңге алимент берешегі өтелді
Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 113 азамат қабылданып, тұрғындардың құқықтық мәселелерін шешуге көмек көрсетілді. Соның нәтижесінде Уәлиханов ауданында алимент бойынша 1,5 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді
Камилла Кәрім -
-
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халықаралық нан күніне орай диқандарға алғыс білдірді
16 қазан – Халықаралық нан күні. Бұл мереке – еңбектің, береке мен молшылықтың символы. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындары мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мерекемен құттықтады
Камилла Кәрім -
-
СҚО құтқарушылары мұз қату кезеңінде су айдындарын бақылауды күшейтті
Суық ауа райының басталуымен Солтүстік Қазақстан облысындағы су айдындары қауіпті бола түсуде. Алғашқы мұз әлі де жұқа болғандықтан, оның үстіне шығу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Күзгі кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты
Камилла Кәрім -
-
СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 117 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді
Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Іс-шара барысында 117 азамат құқықтық көмекке жүгінді
Камилла Кәрім -
-
СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы болып Сакен Жұмағалиұлы Қасымов тағайындалды. Тиісті бұйрыққа ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қол қойған
Камилла Кәрім -
-
Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерлермен ашық диалог өтті
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнамалық талаптарды түсіндіруге бағытталған «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық акциясы өтті. Іс-шараны облыстық прокуратура ұйымдастырып, оған мемлекеттік кірістер органдары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты
Камилла Кәрім -