Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 22
cover

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, арнайы құттықтауын жариялады, деп хабарлайды SKO24.kz.

Мемлекет басшысы Домбыраның ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі әрі халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мәдени мұра екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, қос ішекті қасиетті аспап арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан төл құндылықтар жаңғырып, ұлттық дәстүр сабақтастығы сақталып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Домбыра қазақ халқының мәдениетін айшықтайтын мызғымас құндылық болып қала беретінін айтты. Сондай-ақ қазақтың ұлттық өнерін, оның ішінде Домбыраның сазды әуенін халықаралық деңгейде насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Президент домбырашыларға, ұстаздарға және ұлттық өнерді ел ішінде әрі шетелде дәріптеп жүрген барша азаматқа алғысын білдіріп, қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да елге шабыт сыйлап, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге бастайтынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы сөз соңында барша қазақстандыққа амандық, бақ-береке тілеп, Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

Бөлісу