Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 22
cover

Фото ИИ: ChatGPT

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанның бірі. Сайлау азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ өкілді билік органдарын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды SKO24.kz.

Құрылтай – заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Оның құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Бұл қағидаттар әрбір азаматтың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік береді және сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ заңнамада депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар мен партиялық тізімдерді қалыптастыру тәртібі белгіленген. Атап айтқанда, партиялық тізімдерде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі кемінде 30 пайызды құрауы тиіс.

Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты өзекті ақпарат, сайлау науқанының кезеңдері және дауыс беру тәртібі туралы толық мәліметтер Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланып отырады.

Толығырақ ақпаратпен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан танысуға болады.

Бөлісу