Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды

Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 15
cover

Фото ИИ: ChatGPT

Қазақстанда алғаш рет республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны ұйымдастырылады. Ұлттық жоба еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындарды кітап оқуға тартып, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды SKO24.kz.

Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде екі лига бойынша өтеді.

Жоба аясында қатысушылар жеті бағыт бойынша бақ сынайды. Олар: «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» және «Кітап оқитын зияткер».

«Кітап оқитын мектеп» бағытына 6–10 сынып оқушылары, «Кітап оқитын колледж» бағытына колледж студенттері, ал «Кітап оқитын университет» бағытына жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары, отбасылық командалар және мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы бағыттар қарастырылған. Ал «Кітап оқитын зияткер» санатына жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, елдегі оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қоспақ.

Марафонға қатысуға ниетті азаматтар https://reading-nation.kz/ сайты арқылы тіркеле алады.

Бөлісу