Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанд

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанд

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 14
cover

Қазақстандық футболшы, Англияның «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды, деп хабарлайды SKO24.kz.

2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. Бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, еріктілік мәдениетін дамытуға, өзара көмек, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.

Жаһандық амбассадорлар ретінде Дастан Сәтпаев пен ByDastann волонтерлік қызметтің маңызын дәріптеп, жастарды қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады. Сонымен қатар олар халықаралық деңгейде еріктілік пен тұрақты даму идеяларын насихаттауға атсалысады.

Бөлісу