Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазақстандықтардың 72%-ы сайлауға қатысуға дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

Қазақстандықтардың 72%-ы сайлауға қатысуға дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 17
cover

Фото ИИ: ChatGPT

Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Зерттеу 2026 жылғы 3–13 шілде аралығында еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында face-to-face әдісімен өткізілді. Сауалнамаға 1 640 адам қатысты.

«Егер сайлау алдағы жексенбіде өтсе, сіз дауыс беруге барасыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 72,1%-ы оң жауап берген. Ал 14,2%-ы дауыс бермейтінін айтса, 13,7%-ы нақты шешім қабылдамаған.

Партиялық рейтингте «Әділет» партиясы 61,7%-бен көш бастап тұр. Екінші орында – «Ауыл» партиясы (5,1%). Одан кейін «Respublica» (4,5%) мен «Ақ жол» (4,1%) партиялары орналасқан. Қазақстан Халық партиясын респонденттердің 3,6%-ы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны 3,5%-ы қолдайтынын білдірген. «Байтақ» жасылдар партиясын 0,7% таңдаған.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 2,6%-ы «барлығына қарсы» дауыс беруге ниетті екенін айтса, 14,2%-ы әлі нақты таңдау жасамаған.

Зерттеу авторларының пікірінше, сайлау жарияланғаннан кейінгі саяси партиялардың белсенділігі азаматтардың электоралдық көңіл-күйіне елеулі ықпал еткен. Сауалнаманың соңғы кезеңі партиялардың съездері өтіп, сайлауалды бағдарламалары мен кандидаттар тізімі жарияланған уақытқа сәйкес келген.

Зерттеу нәтижесі қазақстандықтардың алдағы сайлауға қызығушылығы жоғары екенін және партиялардың сайлауалды жұмысы сайлаушылардың таңдауына әсер ететінін көрсетті.

Бөлісу