Басты бет СҚО жаналықтары «Қазақстанымыздың дамуындағы жаңа кезең басталды»: солтүстікқазақстандық Ирина Эктова жаңа Конституция туралы

«Қазақстанымыздың дамуындағы жаңа кезең басталды»: солтүстікқазақстандық Ирина Эктова жаңа Конституция туралы

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 3
cover

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне еніп, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Жаңартылған Ата заңның тарихи маңызы туралы өз пікірін Солтүстік Қазақстанның атақты жеңіл атлеті әрі облыстық мәслихат депутаты Ирина Эктова білдірді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Ирина Эктованың айтуынша, жаңартылған Конституция Қазақстан үшін кең мүмкіндіктерге жол ашып, келер ұрпақтың болашағына берік негіз қалайды. Ол Ата заңда бекітілген құқықтық нормалар мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қуатты серпін беріп, әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

«Қазақстанымыздың дамуындағы жаңа кезең басталды. Алдымызда өзіміз үшін де, балаларымыз үшін де жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Біз оларға Ата заңның қалай қабылданғанын айтып, Конституцияға құрметпен қарауды үйретеміз. Бізді бақытты болашақ күтіп тұр деп сенемін», – деді ол.

Ирина Эктова Конституциядағы отбасы институтын қорғауға бағытталған нормаларға ерекше тоқталды. Оның пікірінше, Ата заңда бекітілген бұл қағидалар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға және қоғамның бірлігін нығайтуға маңызды үлес қосады.

«Жаңа Конституцияда неке – заңға сәйкес мемлекет тіркейтін ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені бекітілген. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Қазақстан азаматтары Конституцияны оқып, өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Біз тек Ата заңға сүйене отырып қана жарқын болашақ құра аламыз», – деп атап өтті Ирина Эктова.

Айта кетейік, жаңа Конституцияда неке мен отбасы, ана мен әке, сондай-ақ балалық шақ мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген. Жалпы, Ата заңның мазмұны адамға бағдарланған сипатқа ие болып, қоғамның өзекті құндылықтары мен мемлекеттің негізгі қағидаттарын айқындайды.

Бөлісу