Басты бет СҚО жаналықтары Күзгі өнім – сауда сөрелерінде: СҚО-ның Мағжан Жұмабаев ауданында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Күзгі өнім – сауда сөрелерінде: СҚО-ның Мағжан Жұмабаев ауданында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 13
cover

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында қарттарды қолдау айлығы аясында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Іс-шара жергілікті тұрғындардың басын қосып, қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға және жергілікті өндірушілерді қолдауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Күздің салқын ауа райына қарамастан, жәрмеңке алаңында таңнан бастап қызу тіршілік байқалды. Тұрғындар күнделікті дастарханға қажетті азық-түлік пен алдағы маусымға қажетті қорды сатып алу үшін жиналды. Сауда сөрелерінен «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер, сондай-ақ шошқа, жылқы және қой еті ұсынылды. Күзгі кезеңде сұранысқа ие өнімдердің бірі – жемдік астық болды.

Тұрғындар үшін жәрмеңке аудан аумағынан шықпай-ақ қажетті өнімнің барлығын бір жерден сатып алуға қолайлы мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар саудамен ғана шектелмей, жәрмеңке қонақтарына концерттік бағдарлама да дайындады. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары музыкалық нөмірлерін ұсынып, салқын ауа райына қарамастан, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын орын ғана емес, тұрғындардың бас қосып, пікір алмасатын алаңға да айналып келеді. Әсіресе аға буын өкілдері үшін бұл – таныстарымен кездесіп, әңгімелесіп, уақытты жағымды ортада өткізуге және қоғамның назарын сезінуге мүмкіндік.

Бөлісу