Басты бет Петропавл жаңалықтары Маңызды ақпарат! Петропавл мен қала маңындағы тұрғындарға су қорын жинап алуға санаулы сағат қалды

Маңызды ақпарат! Петропавл мен қала маңындағы тұрғындарға су қорын жинап алуға санаулы сағат қалды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 6
cover

Фото ИИ: ChatGPT

Петропавл қаласы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарының тұрғындарына ауыз су қорын алдын ала жинап алу қажет, деп хабарлайды SKO24.kz.

Су беру 19 қыркүйек түнгі сағат 00:00-ден бастап 20 қыркүйекті қоса алғанға дейін уақытша тоқтатылады.

Бұған дейін «Қызылжар су» ЖШС тұрғындарды суды алдын ала, яғни 18 қыркүйек күндіз жинап алуға шақырған.

«Тұрғындардан қажетті су қорын 18 қыркүйек күндіз алдын ала жинап алуды және суды кешкі уақытқа қалдырмауды сұраймыз. Себебі суды бір мезетте жаппай жинау су тұтынудың айтарлықтай артуына және желідегі қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін», – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Қалалық су арнасы тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Мамандардың айтуынша, суды өшіру – ауыз судың тиісті сапасын қамтамасыз ету және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында жүргізілетін міндетті шара.

Сондықтан тұрғындарға суды бүгін, 18 қыркүйек күні күндізгі уақытта қажетті мөлшерде жинап алуға кеңес беріледі.

Бөлісу