Петропавл жаңалықтары
-
Петропавлда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында оқушылармен кәмелетке толмағандарды қорғау және қолдау мәселелеріне арналған кездесу өтті
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Солтүстік Қазақстан облысының жас өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 20 қарашада жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында басқосуда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, көмек алудың қолжетімді жолдары және қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетуге дайын ұйымдар туралы сөз қозғалды
Камилла Кәрім -
-
Солтүстік Қазақстан облысында «Батыр Бауыржан Момышұлы туралы» спектаклін көрсету ұйымдастырылды
Солтүстік Қазақстан облысында өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара өтті. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқушыларға қазақ халқының даңқты перзенті, әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған спектакль ұсынды
Камилла Кәрім -
-
23 қазан күні Петропавлда «Дала Дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
23 қазанда Петропавл қаласында «Дала Дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті өндірушілерінен азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан орта есеппен 10–15%-ға төмен бағамен сатып ала алады
Камилла Кәрім -
-
12–13 қараша күндері Петропавлда грек-рим күресінен республикалық ашық турнир өтеді
Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген зейнеткері Асылбек Мұстафинді еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық ашық турнир өтеді. Байрақты бәсекеге 2012–2014 жылдары туған жасөспірім балуандар қатысады
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда Республика күніне орай облыстық конференция өтті
Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Республика күніне орай «Қазақстан Республикасы: тарихи таңдау, ұлттық мүдде және болашақ бағдар» атты облыстық конференция өтті. Маңызды іс-шараға 219 адам қатысып, педагогикалық қауымдастық өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері мен шақырылған қонақтар бас қосты
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда құқықтық сауаттылықты арттыру және патриоттық құндылықтарды нығайту мақсатында «Менің Республикам – менің мақтанышым!» атты квест-викторина өтті
Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Петропавл қаласында «Менің Республикам – менің мақтанышым!» атты квест-викторина ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар ел тарихы мен заңнамасы бойынша білімдерін тексеріп, мемлекеттік рәміздер мен құқықтық құрылым негіздеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда «Қос аңыз кубогі: Заң мен Тәртіп – елдің тірегі» облыстық дебат турнирі өтті
Петропавл қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектепте Республика күніне орай мектеп директорлары мен жас педагогтер арасында «Қос аңыз кубогі: Заң мен Тәртіп – елдің тірегі» атты облыстық дебат турнирі өтті
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері талқыланды
Петропавлда «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» атты республикалық семинар өтті. Жиында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тіл саласына енгізу мәселелері талқыланды
Камилла Кәрім -
-
Ерлік пен талант тарихы: Петропавлда Жәлел Қизатов туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов туралы «Батыр. Қаламгер. Қайраткер» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Жаңа басылымда оның майдандағы ерлігі, әдеби шығармашылығы мен қоғамдық қызметі кеңінен қамтылған
Камилла Кәрім -
-
Ұрпақтан ұрпаққа: Петропавлда кәсіподақ қозғалысы ардагерлері аллеясына жаңа шыршалар отырғызылды
Петропавл қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында Кәсіподақ қозғалысы ардагерлері аллеясына дәстүрлі түрде шырша отырғызу акциясы өтті. Іс-шара Қазақстанның Кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылды. Биыл жасыл аймаққа онға жуық жас ағаш отырғызылды
Камилла Кәрім -
-
Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 мектептің ұстазы Гүлнұр Елубай: анасының ұстаздық жолын жалғаған
Ұстаздықты мамандық қана емес, өмірлік мұрат деп қабылдаған жандардың бірі – Петропавл қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елубай Гүлнұр Амантайқызы. Оның ұстаздық жолы кездейсоқ таңдалған кәсіп емес. Бұл – анадан балаға жалғасқан, бір әулеттің өмірлік ұстанымына айналған жол
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда студенттермен «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті
Петропавлда қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясында «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті
Камилла Кәрім -
-
Есірткі жарнамалайтын граффитиге және вандализмге тосқауыл: Петропавл жастары «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала көшелерін қауіпті жазулардан тазартуда
Қауіпсіз әрі таза қалалық орта тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, тұрғындардың өздері тұратын жерге деген жауапкершілігіне де байланысты. Бүгінде Петропавлдың әртүрлі бөліктерінде есірткі жарнамалайтын граффитилер мен вандализм іздерін кездестіруге болады. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала жастары көшелерге шығып, қауіпті жазуларды анықтап, оларды бояп өшірді
Камилла Кәрім -
-
Аула үшін дау: Петропавл қаласының әкімдігі Кәрім Сүтішев көшесі, 17-үйдегі жағдайды бақылауға алды
Петропавл қаласындағы Кәрім Сүтішев көшесі, 17-үйдің ауласында жер учаскесіне қатысты дау қайта өршіді. Бір күн бұрын мұнда компания өкілдері келіп, сенімхаттарын көрсетіп, аумақтың бір бөлігін қоршап алған. Тұрғындар ықтимал құрылысқа қарсылық білдіріп, өз аулаларын қорғауға ниетті екенін мәлімдед
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда 1 қазан күні зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді
Петропавлда 1 қазан күні зейнеткерлер қалалық қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл мүмкіндік Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында ұсынылады
Камилла Кәрім -
-
Жаңа волейбол маусымы, үлкен мақсаттар және әр доп үшін күрес — петропавлдық «Quanysh» стартқа дайын
«Quanysh» волейбол клубы жаңа маусымға үлкен мақсаттармен және елеулі өзгерістермен қадам басқалы отыр. Әйелдер командасын түркиялық маман Саим Паккан басқарса, ерлер құрамасы Алексей Терениннің жетекшілігімен дайындық жұмыстарын жалғастыруда
Камилла Кәрім -
-
Петропавл ЖЭО-2-де жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын
Петропавл ЖЭО-2-де ауқымды дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Жөндеу науқанының басты мақсаты — станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, алдағы суық күндері қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда киберқауіпсіздікке арналған семинар өтті
Петропавлда «Цифрлық трансформацияға қадам» атты салалық семинар өтті. Жиында мамандар заманауи киберқауіптер, дербес деректерді қорғау және цифрлық ортада қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері туралы айтып берді. Қатысушылар алаяқтықтың кең таралған схемаларын, фишингтік шабуылдарды және қарапайым пайдаланушылар мен ұйымдар үшін тәуекелдерді азайтуға көмектесетін қарапайым ережелерді талқылады
Камилла Кәрім -
-
Петропавлда алынған жер учаскелерінің орнына облыстық сот ғимараты, жол өткелі және қорғаныс бөгеттері салынады
Петропавл қаласының келбеті белсенді түрде өзгеріп келеді — қалада жаңа көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Көп жағдайда оларды салу үшін бұрын жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтар босатылады. 2026 жылдың басынан бері облыс орталығында мемлекеттік қажеттіліктер үшін онда орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарымен бірге 89 жер учаскесі алынды
Камилла Кәрім -
-
Маңызды ақпарат! Петропавл мен қала маңындағы тұрғындарға су қорын жинап алуға санаулы сағат қалды
Петропавл қаласы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарының тұрғындарына ауыз су қорын алдын ала жинап алу қажет
Камилла Кәрім -