Басты бет СҚО жаналықтары Назар аударыңыздар, жүргізушілер! СҚО-дағы Покровский көпірінде жөндеу жұмыстарына байланысты 10 қазанға дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады

Назар аударыңыздар, жүргізушілер! СҚО-дағы Покровский көпірінде жөндеу жұмыстарына байланысты 10 қазанға дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 8
cover

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы СҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жүргізушілерге қозғалысқа уақытша шектеу қойылатынын ескертеді, деп хабарлайды SKO24.kz.

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 875-шақырымында, Покровский көпірінің аумағында шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ақауларды анықтады. Жөндеу жұмыстарының технологиялық ерекшеліктеріне байланысты жұмыстар жолдың жүру бөлігінің бүкіл ені бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Осыған байланысты негізгі жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде, 2026 жылғы 10 қазанға дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның, Тимирязев ауданының және Шал ақын ауданының Петропавл қаласына бағыт алған тұрғындары үшін айналма жол ретінде мына бағыттар ұсынылады:

  • «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автомобиль жолы (53–0 км);
  • «Рощинское – Корнеевка – Волошинка» автомобиль жолы (86–47 км);
  • «Покровка – Корнеевка – Горное» автомобиль жолы (34–0 км);
  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолы (876–946 км).

Жүргізушілерден сапарларын алдын ала жоспарлап, жол жағдайын ескеруді және орнатылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Бөлісу