Петропавл қаласында жас спортшыларға діни сауаттылық пен киберқауіпсіздік бойынша профилактикалық кездесу өтті
Бөлісу
2026 жылғы 22 сәуірде облыста жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған кезекті профилактикалық іс-шара өтті. Облыс әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Дін істері басқармасына қарасты «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Облыстық спорттық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Олимп» базасында спортшылармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Кездесу барысында теолог-маман Березина Е. О. жас спортшыларға «Діни сауаттылық» тақырыбында әңгіме жүргізіп, зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаттарын түсіндірді. Сондай-ақ, ол діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың қауіптері туралы айтып, жастарды күмәнді ақпарат көздерінен сақ болуға шақырды.
Іс-шараға 35 спортшы қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттырумен қатар, оларды деструктивті ағымдардың ықпалынан қорғау.
Сонымен қатар, жиын барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – кибералаяқтық тақырыбы да қозғалды. Қатысушыларға интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, жеке деректерді қорғау жолдары айтылды.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Бөлісу