Басты бет СҚО жаналықтары Петропавл – Көкшетау автожолын кеңейту: «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Оспанов Президент Жолдауындағы бастамаларға тоқталды

Петропавл – Көкшетау автожолын кеңейту: «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Оспанов Президент Жолдауындағы бастамаларға тоқталды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 46
cover

Солтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері Мемлекет басшысының Жолдауында кеңінен қамтылды. Президент тапсырмаларының өңір үшін маңызына «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Кемел Оспанов тоқталды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Оның айтуынша, әсіресе Көкшетау мен Петропавл қалалары арасындағы автожолды кеңейту жөніндегі тапсырма солтүстікқазақстандықтар үшін маңызды. Бұл бастама өңірдің көлік қатынасын жақсартып, инфрақұрылымның дамуына оң ықпал етеді.

«Көкшетау мен Петропавл арасындағы жолды кеңейту жөніндегі тапсырма біз үшін маңызды. Сонымен қатар 2027 жылдың «Құрылыс жылы» деп жариялануы әлеуметтік нысандардың салынуына тың серпін береді», – деді Кемел Оспанов.

Сондай-ақ ол білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы нысандардың салынуы, қалалар мен ауылдарды абаттандыру және жастарға қолдау көрсету елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу