Петропавл ЖЭО-2-де жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын
Бөлісу
Петропавл ЖЭО-2-де ауқымды дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Жөндеу науқанының басты мақсаты — станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, алдағы суық күндері қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, деп хабарлайды SKO24.kz.

Бүгінде нысанда жоспарланған жұмыстардың басым бөлігі орындалды. Мамандар негізгі және қосалқы жабдықтарға күрделі және жоспарлы жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Сонымен қатар станция басшылығы қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға да көңіл бөлді. Кәсіпорында душ бөлмелері мен киім ауыстыратын орындар ретке келтіріліп, буфет жаңартылды.

Жылу электр орталығының алдағы қысқа дайындығының барысын Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Талғат Испулов тексерді. Сапар барысында ол Петропавл ЖЭО-2 директоры Дмитрий Захаровпен бірге атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен нысандардың дайындық деңгейін талқылады.
Станциядағы барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғанға дейін қалған күндері мамандар жабдықтарды дайындаудың соңғы кезеңдеріне басымдық беріп, олардың күзгі-қысқы кезеңде тұрақты әрі апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге күш салады.
Бөлісу