Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавлда алғаш «ҚыздарНет» сайтының сыбайластарына қатысты айыптау үкімі шығарылды

Петропавлда алғаш «ҚыздарНет» сайтының сыбайластарына қатысты айыптау үкімі шығарылды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 6
cover

Фото: 2gis.kz

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасында алғаш рет тыйым салынған «ҚыздарНет» сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін сот үкімі шығарылды. Сот алдында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі жауап берді, деп хабарлайды SKO24.kz сайты Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесіне айып тақты. Олар тыйым салынған «ҚыздарНет» сайтында интимдік қызметтерді насихаттауға және жарнамалауға жәрдемдескен.

Қылмыстық топтың заңсыз қызметі ақылы интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың анкеталарын белгіленген тарифтер бойынша ілгерілетуге негізделген.

2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесі кінәлі деп танылды.

Сот топ жетекшісіне 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал ұйымдасқан топтың қалған мүшелерінің әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта шығарылған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу