Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 5
cover

Петропавл қаласының прокуратурасы «Таза Қазақстан» республикалық тұжырымдамасын іске асыру аясында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акция барысында прокуратура қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып, рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде қала аумағында 20-дан астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды.

Қадағалау органының мәліметінше, акция басталғалы бері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 450 әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша 50 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура еске салғандай, ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

Ал ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзғандарға ескерту жасалады немесе 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Прокуратура экологиялық талаптар мен абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, қоршаған ортаның тазалығы мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әр тұрғынның жауапкершілігіне де байланысты.

«Таза Қазақстан» бастамасы – бір реттік науқан емес. Бұл табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жанашырлықты арттыруға және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған ұзақ мерзімді жоба.

Бөлісу