Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавлда жастарға көрсетілімдік сот процесі өтті

Петропавлда жастарға көрсетілімдік сот процесі өтті

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 6
cover

Бір сәттік ашудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Петропавлда жастарға осындай әрекеттердің салдарын көрсету мақсатында көрсетілімдік сот процесі өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының спорт мектептері мен интернат тәрбиеленушілері қатысты. Сот процесі 2026 жылғы 26 сәуірде Петропавлдағы «Павлин» кафесінде болған оқиға негізінде ұйымдастырылды. Сол күні үш қала тұрғыны алкогольдік ішімдік ішіп, басқа келушілермен жанжалдасып, оларға күш қолданған.

Олардың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық ретінде сараланды.

26 тамызда өткен көрсетілімдік сот барысында жастарға мұндай құқық бұзушылықтың немен аяқталуы мүмкін екені және заңда қандай жауапкершілік қарастырылғаны көрсетілді. Сот процесін онлайн режимде 480-нен астам адам тамашалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің мақсаты — жастарға заңды құрметтеудің маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын қалыптастыру.

Прокуратура азаматтарды заң талаптарын сақтауға және кез келген құқыққа қайшы әрекетке бейжай қарамауға шақырады.

Бөлісу