Басты бет СҚО жаналықтары СҚО-да полицейлер азаматтарға бет-жүзді тұмшалауға қатысты талаптарды түсіндіруде

СҚО-да полицейлер азаматтарға бет-жүзді тұмшалауға қатысты талаптарды түсіндіруде

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 5
cover

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өңір тұрғындарына қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заңнама талаптарын түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды SKO24.kz.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі бөлігі жастар арасында жүргізілуде, өйткені түрлі бетперделер олардың арасында жиі қолданылады.

Тәртіп сақшылары «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін, бет-әлпетін толық жабатын киіммен жүруге тыйым салынатынын еске салды.

Бұл талап ауа райы жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға байланысты, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде бет-әлпет жабылған жағдайларға қолданылмайды.

Профилактикалық жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде.

Полицейлердің мақсаты – жазалау емес, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бөлісу