Басты бет СҚО жаналықтары СҚО кәсіпкерлері «Заң мен Тәртіп» жолында 100 игі іске үлес қосты

СҚО кәсіпкерлері «Заң мен Тәртіп» жолында 100 игі іске үлес қосты

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 24
cover

Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік акция өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Бастамаға өңір кәсіпкерлері белсенді атсалысып, балалар мен әлеуметтік нысандарға қолдау көрсетті. Атап айтқанда, «Шунгит майнинг» ЖШС Балаларды қолдау орталығына спорттық құралдар мен мұздатқыш жабдығын табыстады.

Ал «Есіл өзені флоты басқармасы» ЖШС мүгедектігі бар балаларды дамыту және оңалту бағытында жұмыс істейтін «Көмек» тренинг-орталығына велотренажер, гантельдер, үстел теннисіне арналған жиынтықтар, эспандерлер және басқа да спорттық құралдар сыйлады.

«TFA Group» ЖШС екі көпбалалы отбасына мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен сөмкелерін алуға көмек көрсетті.

Сонымен қатар Тайынша ауданында «Фауна», «Южное» және «Таң» шаруа қожалықтарының демеушілігімен Краснополянская орта мектебіне жаңа қоршау орнатылды.

Петропавл қаласында «Құрылыс Сервис СК» ЖШС арнайы техниканың көмегімен Заречный кентіндегі үш апаттық қоқыс үйіндісін жойды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес, мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуға да мүмкіндік береді.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын қалыптастыруға бағытталған осындай әлеуметтік жобалар өңірде алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бөлісу