Басты бет СҚО жаналықтары СҚО-дағы теміржол саласында 3,5 мыңға жуық адам еңбек етеді

СҚО-дағы теміржол саласында 3,5 мыңға жуық адам еңбек етеді

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 9
cover

Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы Оңтүстік Орал темір жолының бөлімшесіне барып, өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – теміржол саласының жұмысымен танысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Теміржол саласы облыс экономикасында маңызды орын алады. Ол жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етіп, өңірді Қазақстанның басқа аймақтарымен және Ресеймен байланыстырады.

Петропавл бөлімшесі көп жылдан бері өңірдің сенімді серіктестерінің бірі болып келеді. Кәсіпорын әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қатысады. Бүгінде мұнда облыстың 3,5 мыңға жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорын ұжымының еңбек жетістіктері де атап өтілді. Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Оңтүстік Орал темір жолы теміржол ұжымдары арасындағы салалық жарыста бірінші орынға ие болған.

Сапар барысында тараптар әріптестік байланысты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірдің көлік инфрақұрылымы мен экономикасын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі кәсіпорын басшылығы мен ұжымына кәсібилігі, адал еңбегі және өзара тиімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Бөлісу