Басты бет СҚО жаналықтары СҚО Есіл ауданында төртінші ауылдық IT-орталық пен жаңа Мәдениет үйі ашылды

СҚО Есіл ауданында төртінші ауылдық IT-орталық пен жаңа Мәдениет үйі ашылды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 7
cover

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы ауылдық IT-орталықтар ашуды алғашқылардың бірі болып қолға алған аудан. Бүгін Петровка ауылында балалар мен жастарға арналған заманауи білім беру алаңына айналатын төртінші IT-орталық ашылды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Мұнда оқушылар мен ауыл жастары цифрлық дағдыларын дамытып, заманауи технологияларды меңгеріп, жаңа білім алып, болашақтың мамандықтарын игере алады. IT-орталықтың ашылуы ауыл жастары үшін тең мүмкіндіктер жасауға және адами капиталды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Осы күні Петровка ауылында жаңа Мәдениет үйі де салтанатты түрде ашылды. Заманауи нысан ауылдың қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына, концерттер, шығармашылық кездесулер, білім беру, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізілетін алаңға айналмақ.

Айта кетейік, бұл - соңғы жылдары Есіл ауданында салынған он бірінші Мәдениет үйі. Жаңа нысан жергілікті өнер ұжымдарын қолдауға, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және ауыл таланттарын дамытуға қосымша мүмкіндік береді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары елді мекендердегі ірі жобалармен қатар жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда Петровка ауылдық округінде 2 млрд теңгеден астам сомаға инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Петровка және Бірлік ауылдарында ауылішілік және кіреберіс жолдар жөнделді.

Сонымен қатар өткен жылы Бірлік ауылында сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға беріліп, 147 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Жалпы, соңғы үш жылда Есіл ауданында 120 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңартылды. Оның ішінде 59,5 шақырымы республикалық, 20 шақырымы облыстық және 41,1 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.

Жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуы және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және Есіл ауданын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Бөлісу