Басты бет СҚО жаналықтары СҚО әкімінің бірінші орынбасары Есіл, Тимирязев және Шал ақын аудандарындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Есіл, Тимирязев және Шал ақын аудандарындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 59
cover

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жұмыс сапарымен Есіл, Тимирязев және Шал ақын аудандарында болды. Сапар барысында ол жергілікті аграршылармен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Шал ақын ауданында Марат Тасмағанбетов «Черкас А.Л.» ЖШС-іне барып, егіс науқанының өту барысын көрді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникасымен және тұқым материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ агротехникалық мерзімдерді сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Марат Иманбайұлы ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде пікір алмасты.

Қазіргі таңда Шал ақын ауданында 111 мың гектар алқапқа егін егілді, бұл жоспардың 45,6%-ын құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 69,7 мың гектар (51,1%), майлы дақылдар – 34,6 мың гектар (37,1%), мал азықтық дақылдар – 5,9 мың гектар (47,2%), картоп – 0,5 мың гектар (71,4%), көкөніс дақылдары – 0,27 мың гектар (54,0%).

Есіл ауданында аудан әкімі Мереке Мұхамедияров облыс әкімінің бірінші орынбасарын «Тілеп-Нан» ЖШС-індегі көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысымен таныстырды. Кездесу барысында егіс науқанының өзекті мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Марат Иманбайұлы ауданның агроқұрылым басшыларымен кездесіп, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. 23 мамырдағы жағдай бойынша ауданда 135 мың гектар алқапқа егін себілді, бұл жоспардың 48,3%-ын құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 82,1 мың гектар (46,3%), майлы дақылдар – 37,8 мың гектар (47,3%), мал азықтық дақылдар – 14,7 мың гектар (68,8%), картоп – 0,4 мың гектар (57,1%), көкөніс дақылдары – 0,0021 мың гектар (47,9%).

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Тимирязев ауданына да барып, көктемгі егіс жұмыстарының қарқынымен танысты. Марат Тасмағамбетов жергілікті аграршылармен кездесуде егіс жұмыстарының қарқыны, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

23 мамырдағы мәлімет бойынша Тимирязев ауданында 113,1 мың гектар алқапқа егін егілді, бұл жоспардың 44,6%-ын құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 72,3 мың гектар (38,1%), майлы дақылдар – 37,4 мың гектар (63,8%), мал азықтық дақылдар – 3,3 мың гектар (64,7%), картоп – 0,1 мың гектар (90%), көкөніс дақылдары – 0,01 мың гектар (66,7%).

Жалпы, аудандарда көктемгі дала жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Аграршылар егіс науқанын сапалы әрі оңтайлы мерзімде аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Айта кету керек, биыл Солтүстік Қазақстан облысында жалпы егіс алқабы 4,3 млн гектарды құрайды. Қазіргі уақытта өңірде 1 млн 738,5 мың гектар жерге егін егілді, бұл жоспардың 42,1%-ына тең. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 1 млн 119,8 мың гектар (38,8%), майлы дақылдар – 510,9 мың гектар (51,1%), мал азықтық дақылдар – 102 мың гектар (44,1%), картоп – 5,1 мың гектар (59,2%), көкөніс дақылдары – 0,8 мың гектар (56,4%).

Бөлісу