СҚО-ның Шал ақын ауданында терроризм тұрғысынан осал объектілердің қауіпсіздігіне арналған семинар өтті
Бөлісу
Шал ақын аудандық терроризмге қарсы комиссия аппараты аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, терроризм тұрғысынан осал объектілердің басшыларымен терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мәселелері бойынша басшылардың білім деңгейін арттыру арқылы терроризм тұрғысынан осал объектілердің қауіпсіздігін күшейту.
Семинар барысында объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндіріліп, террористік қауіптердің алдын алу шаралары, өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіптер туындаған жағдайда персоналдың іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды.
Сонымен қатар, объектілер басшыларының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне ерекше назар аударылды. Семинар аясында анықталған кемшіліктерді жою және объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы нақты шаралар талқыланды.
Іс-шара Шал ақын ауданы әкімдігінің ғимаратында өтті. Оған терроризм тұрғысынан осал 24 объектінің басшылары қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға анықталған кемшіліктерді жою және объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.
Бөлісу