Басты бет СҚО жаналықтары СҚО прокуратурасы заңнаманың өзекті мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді

СҚО прокуратурасы заңнаманың өзекті мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 47
cover

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында тікелей эфир өтті, деп хабарлайды SKO24.kz Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

2026 жылғы 10 шілдеде сағат 17:00-де Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында прокуратура органдары қызметкерлерінің қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнаманың өзекті нормаларын түсіндіру және азаматтармен ашық диалогты нығайту.

Тікелей эфир барысында прокуратура қызметкерлері оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты қабылданған Қазақстан Республикасының рақымшылық жасау туралы заңының ережелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар көлік саласындағы қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шығарылатын жеке қаулылар, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.

Эфир соңында прокуратура қызметкерлері қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, заңдылықты нығайтуға және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы алдағы уақытта да ресми интернет-алаңдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, халықты заңнаманың өзекті мәселелері мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы уақтылы хабардар етіп отырады.

Бөлісу