Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық инвесторлардың қатысуымен ірі жобалар жүзеге асырылуда

Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық инвесторлардың қатысуымен ірі жобалар жүзеге асырылуда

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 8
cover

Фото: СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттың маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тағы да атап өтті. Президент экономиканың дамуына жаңа серпін беру үшін озық технологиялары, қажетті сараптамалық тәжірибесі және әлемдік нарықтарға шығу мүмкіндіктері бар жетекші шетелдік және отандық компанияларды тарту керектігін айтты. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD.» компаниясының құрылтайшысы Гы Кайхуаумен кездесіп, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы SKO24.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Қазақстан облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жұмыстары да жалғасуда. Бұл бағыт өңір экономикасын нығайтуға және өндірістік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Негізгі міндеттердің қатарында жаңа өндіріс орындарын ашу, қосымша жұмыс орындарын құру және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бар.

«Қытайлық серіктестермен ынтымақтастықтың табысты мысалы ретінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданындағы «Kazmeal» құрамажем зауытын атауға болады. Өткен жылы Қытайға жасалған сапар барысында осы ауданда май экстракциялау зауытын салу жөнінде келіссөздер басталды. Ағымдағы жылдың басынан бастап құны 81 миллиард теңгені құрайтын жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын тәулігіне 1 400 тоннаға дейін майлы дақыл шикізатын өңдей алады», – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сонымен қатар компания «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында пестицидтер мен тыңайтқыштар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның болжамды құны – 10 миллиард теңге.

Аталған жобаларды жүзеге асыру ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көлемін арттыруға және аграршыларды қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу