Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауылындағы «Мерейлі отбасы – 2026» жеңімпазы дауыс берді

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауылындағы «Мерейлі отбасы – 2026» жеңімпазы дауыс берді

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 34
cover

Бүгін «Мерейлі отбасы – 2026» аудандық байқауының жеңімпазы атанған Жамбыл ауылының Джембаевтар отбасы сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды SKO24.kz.

Алты бала тәрбиелеп отырған Джембаевтар отбасы татулығымен, өзара сыйластығымен және берік отбасылық құндылықтарымен ерекшеленетін өнегелі шаңырақ. Отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет, бір-біріне деген қамқорлық пен қолдау қалыптасқан.

Ата-анасы балаларына жақсы тәрбие беріп, оларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке және елжандылыққа баулып келеді. Отбасының анасы «Күміс алқа» мемлекеттік наградасының иегері.

Бүгінгі дауыс беруге қатысуы – Джембаевтар отбасының ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараларға белсенді қатысатынын және азаматтық жауапкершілігін көрсетеді. Олар өз таңдауларын жасап, ел болашағына деген сенімдерін білдірді.

Осындай өнегелі отбасылар – қоғамның берік негізі, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнеге.

Бөлісу