Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстанда балаларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Солтүстік Қазақстанда балаларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 28
cover

Солтүстік Қазақстан облысында балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық акция өтті. Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акцияны облыс прокуратурасы Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және білім беру ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырды. Негізгі мақсат – балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қауіпті жағдайлардың алдын алу.

Іс-шара басталар алдында патрульдік полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік белдігін тағудың маңызын айтып, көліктегі тәртіп ережелерін түсіндірді.

Одан кейін балалар полиция қызметкерлерімен бірге арнайы бағыт бойынша жүріп өтті. Мамандар жолды қауіпсіз кесіп өту, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау, жүргізушілердің көру аймақтары мен «көрінбейтін» тұстары туралы айтып берді. Сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары маңындағы қауіпсіздік және жол бойында телефон мен құлаққап қолданудың қауіптілігі көрсетілді.

Акция соңында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция және прокуратура өкілдерінен жауап алды.

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар балалардың жолдағы жауапкершілігін арттырып, жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Бөлісу