Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерлермен ашық диалог өтті

Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерлермен ашық диалог өтті

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 6
cover

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнамалық талаптарды түсіндіруге бағытталған «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық акциясы өтті. Іс-шараны облыстық прокуратура ұйымдастырып, оған мемлекеттік кірістер органдары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді кәсіпкерлерге жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ жаңа талаптарды іс жүзінде дұрыс қолдану тәртібін жеткізу.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер салық салу саласындағы өзгерістерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты түсіндірмелер алды. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер, заң талаптарын сақтау және оларды құқықтық тұрғыдан шешу жолдары талқыланды.

Мамандар кәсіпкерлердің практикалық сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді. Мұндай формат мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланысты нығайтып, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Профилактикалық акция барысында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылды.

Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен осындай кездесулер өткізуі заң талаптарының сақталуына, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы заң талаптарын сақтайтын кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерді құқықтық тұрғыдан шешуге жәрдемдесу бағытындағы жұмысты одан әрі жалғастырады.

Бөлісу