Басты бет СҚО жаналықтары СҚО-да II Халықаралық «AUYL FEST. Қаз өсіру – 2026» фестивалі өтеді

СҚО-да II Халықаралық «AUYL FEST. Қаз өсіру – 2026» фестивалі өтеді

by Камилла Кәрім

views 44
cover

21–22 наурыз күндері «Ауыл» партиясы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп II Халықаралық «AUYL FEST. Қаз өсіру – 2026» фестивалін өткізеді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Фестиваль аясында Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының жетекші қаз өсірушілері, балапан жеткізушілері, құрама жем өндірушілері, ветеринариялық және витаминдік препараттар жеткізушілері, сондай-ақ мамық, қауырсын және ет өнімдерін өңдеушілердің қатысуымен форум мен көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Петропавл қаласының жетекші аспаздарының қатысуымен қаз етінен дайындалатын дәстүрлі тағамдар ұсынылатын аспаздық байқау, этно-фольклорлық ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама және ұлттық ойындар өткізу көзделген.