Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавл тұрғындары жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырылады

Петропавл тұрғындары жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырылады

by Камилла Кәрім

views 17
cover

Петропавл қаласында 4 сәуір күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жалпы қалалық сенбілік өтеді. Оған барлық қала тұрғындары белсенді қатысуға шақырылады, деп хабарлайды SKO24.kz.

Қаланы абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосуға еңбек ұжымдары, ұйымдар мен мекемелер де шақырылады. Сенбілікке қатысушылар аулаларды, тұрғын үйлердің маңын, іргелес аумақтарды және қоғамдық орындарды ретке келтіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар көшелерді тазартумен қатар, тұрғындарды тазалық пен тәртіпке деген ортақ ұмтылысқа біріктіреді. Сенбілік — әрбір азамат үшін өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, қаланың көркеюіне нақты үлес қосуға тамаша мүмкіндік.

Айта кетейік, облыс орталығында экологиялық шаралар бұған дейін де басталған. Кеше, 30 наурыз — Халықаралық қалдықсыз күн аясында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде еріктілер «Таза саябақ» атты экологиялық акция ұйымдастырды. Оның барысында жастар қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі — Бірінші Президент саябағын тазалады.

Жыл басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» жобасы аясында шамамен 300-ге жуық экологиялық іс-шара өткізілді. 10 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша ауқымды үш айлық басталады. Бұл шаралар бұрын басталған жұмыстардың жалғасы болып, экологиялық науқанның қарқынын арттыра түседі. Жоспарда қоқыс тазалау жұмыстарынан бастап, ағаш отырғызу сияқты кең ауқымды акцияларды өткізу бар.