Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды

Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды

by Камилла Кәрім

views 23
cover

2026 жылғы 31 наурызда Петропавл қаласының аумағында №1 қалалық емхана базасында жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері, жедел әрекет ету қызметтері, сондай-ақ арнайы техника жұмылдырылды. Облыстық терроризмге қарсы жедел штаб қызметтері өзара іс-қимыл алгоритмдерін, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақты оқшаулау және азаматтарды қорғау мәселелерін пысықтады.

Оқу-жаттығу штаттық режимде өтті, қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды.

Қазіргі уақытта шектеу шаралары алынып тасталды, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы толық қалпына келтірілді.

Жедел штаб оқу-жаттығу кезеңінде түсіністік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтағаны үшін қала тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдіреді.

Алдағы уақытта да тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуге шақырамыз.