Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстікқазақстандық Есіл ауданында құрғақ шөпті өртегені үшін жауапкершілікке тартылды

Солтүстікқазақстандық Есіл ауданында құрғақ шөпті өртегені үшін жауапкершілікке тартылды

by Камилла Кәрім

views 12
cover

6 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өрт қаупі кезеңі басталды. Қазіргі уақытта өрттердің және төтенше жағдайлардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған тұрақты рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Осындай шаралардың бірі барысында Есіл ауданында құрғақ шөпті өртеген құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, құрғақ өсімдіктерді өртеу дерегі Есіл ауданында Стрельниковка ауылының маңында анықталды. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау (техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда)» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде өңірде өрттердің алдын алу мақсатында дрондарды пайдалана отырып рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әуеден мамандар жеке секторды, саяжай алқаптарын және оған іргелес аумақтарды бақылауда ұстайды. Бұл құрғақ өсімдіктерді өртеу және басқа да құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

«Мұндай шаралар өрт ошақтарын жедел анықтап, өрттің бастапқы кезеңінде алдын алуға мүмкіндік береді. Еске саламыз, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті! Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды сақтаңыздар», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бірнеше күн бұрын өткен брифинг барысында СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Аян Кусаинов өрттердің алдын алу мақсатында 50-ден астам жедел мобильді топ құрылғанын хабарлады.

«От жағуға және қалдықтарды өртеуге тек ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта және тұрақты бақылаумен ғана рұқсат етіледі. Өрт қаупі жоғары кезеңде құрғақ шөп пен өсімдіктерді өртеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарында пал жүргізуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, өсімдіктерді өртеуге байланысты кез келген жұмыстар тек өрт қаупі кезеңінен тыс уақытта және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс», — деді Аян Кусаинов.

Өңір тұрғындарына, әсіресе көктем мезгілінде, құрғақ өсімдіктердің көп болуы өрт қаупін арттыратынын ескере отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі. Қарапайым сақтық шараларын сақтау адамдардың қауіпсіздігіне ғана емес, сондай-ақ үйлердің, шаруашылық құрылыстардың және табиғи ортаның сақталуына да әсер етеді.