СҚО-ның үш ауданында ауыл еңбеккерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған акция өтті
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандарында прокуратура бастамасымен «Ауылдағы заң мен тәртіп – қауіпсіздік және жауапкершілік, еңбек және даму кепілі» атты ауқымды акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды SKO24.kz.
.jpeg)
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өтіп, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталды.
Акцияға аудандық прокуратура басшылары, жергілікті әкімдіктердің өкілдері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті, сондай-ақ құқық қорғау органдары қатысты.
.jpeg)
Кездесулер барысында еңбек заңнамасының талаптары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Мамандар жалақыны уақытылы төлеу, еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жалпы, іс-шараларға 200-ден астам адам қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, өндірістік тәртіпті нығайтуға және ауыл еңбеккерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.