Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті

by Камилла Кәрім

views 243
cover

Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді. Іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акцияның мақсаты – оқушылардың велосипедтер мен самокаттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларда жол қозғалысы ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шараға 4-7 сынып оқушылары және облыс мектептеріндегі жас жол инспекторлары клубтарының мүшелері қатысты. Жалпы қамтылуы 1000-нан астам оқушыны құрады.

Прокуратура полиция және білім бөлімдерімен бірлесіп велосипедтер мен самокаттарды қауіпсіз басқару бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптары түсіндіріліп, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар интерактивті оқыту элементтері қолданылды.

Акция барысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.