Басты бет Петропавл жаңалықтары Ұрпақтар сабақтастығы: Петропавлда Сапар Дүйсеновтің рухына құрмет көрсетілді

Ұрпақтар сабақтастығы: Петропавлда Сапар Дүйсеновтің рухына құрмет көрсетілді

by Камилла Кәрім

views 72
cover

2026 жылғы 5 мамырда Петропавл қаласында аты аңызға айналған ардагер, прокуратураның құрметті қызметкері Сапар Дүйсеновтің құрметіне орнатылған мемориалдық тақта жанында салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ұйымдастырған бұл іс-шара өткен жылы бастау алған батырларды ұлықтау дәстүрінің жалғасы болды. Облыс орталығындағы Егемен Қазақстан көшесі, 28-үйдің жанында, Сапар Дүйсенұлы тұрған үй маңында облыс басшылығы, қазіргі қызметкерлер, ведомство ардагерлері мен туған-туыстары жиналды.

Іс-шараға облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов пен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, ардагерді еске алды.

Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік гимн орындалып, жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.

Қаланың маңызды тарихи нысанына айналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов бұл мемориал жанындағы жыл сайынғы кездесулердің жай ғана ресми шара емес, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, соғыс ауыртпалығын бастан өткеріп, прокуратура органдарында ондаған жыл бойы мінсіз қызмет еткен Сапар Дүйсеновтің өмір жолы жас мамандар үшін маңызды адамгершілік бағдар болып қала береді.

Сапар Дүйсеновтің есімі — ерлік пен кәсібиліктің үлгісі ретінде Солтүстік Қазақстан облысының тарихында мәңгі сақталады.