Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтт

Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтт

by Камилла Кәрім

views 36
cover

Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кезекті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акция кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және балаларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Қатысуға 4-7 сынып оқушылары, сондай-ақ облыс мектептері жанынан жұмыс істейтін жас жол инспекторлары клубтарының мүшелері тартылды. Барлығы профилактикалық іс-шаралармен 600-ден астам қатысушы қамтылды.

Негізгі іс-шаралардың бірі Петропавл қаласында өтті. Онда прокуратура полициямен және білім бөлімімен бірлесіп, қуыршақ театры базасында оқушыға арналған кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс үлгілері көрсетілді, сондай-ақ интерактивті оқыту сабақтары өткізілді.

Ұйымдастырушылар оқушылардың назарын жол қозғалысы қағидаларын сақтау қажеттілігіне, өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауға аударды.

Мұндай іс-шараларды өткізу балалардың жолдарда заңға бағынатын және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.