Басты бет СҚО жаналықтары Петропавлда және СҚО аудандарында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілген «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

Петропавлда және СҚО аудандарында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілген «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

by Камилла Кәрім

views 27
cover

Бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының прокуратура қызметкерлері кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтарға заңгерлік көмек көрсету, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акция барысында тұрғындар түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Мәселен, Есіл ауданында жергілікті тұрғынға тұрақты және уақытша тіркеу рәсімі түсіндірілді. Ал Ақжар ауданында өтініш берушіге жоғалған жеке куәлік пен басқа да құжаттарды қалпына келтіру тәртібі бойынша түсініктеме берілді.

Қызылжар ауданында «Құқықтық дәріханаға» жәрдемақы рәсімдеу мәселесімен жүгінген азаматқа прокурорлар қажетті құжаттарды жинауға және оларды аудандық жұмыспен қамту бөліміне тапсыруға жедел көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Айыртау ауданында тұрғындардың біріне тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу тәртібі мен заң талаптары түсіндірілді.

Жалпы, бұл жолғы акция барысында облыс бойынша 132 тұрғын құқықтық көмекке жүгінді. Жыл басынан бері прокурорлар 18 қабылдау өткізіп, мыңнан астам азаматқа кеңес берген.

«Құқықтық дәріхана» акциясы әр сейсенбі сайын өткізіледі. Петропавл қаласында азаматтарды қабылдау «Рахмет» сауда үйінде ұйымдастырылса, аудан орталықтарында қабылдау ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда өтеді.