Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан – Таза жағалау – біздің болашағымыз» акциясы өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан – Таза жағалау – біздің болашағымыз» акциясы өткізілді

by Камилла Кәрім

views 26
cover

2026 жылғы 26 мамырда «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Таза Қазақстан – Таза жағалау – біздің болашағымыз» атты кең ауқымды экологиялық акция өткізілді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Іс-шараға уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар ұйымдары мен еріктілер қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, су айдындарының тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар жағалау аумақтары мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Есіл өзенінің жағалау сызығын санитарлық тазартуға, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, азаматтар арасында табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай іс-шаралар Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында аумақтық прокуратуралармен де ұйымдастырылды.

Мұндай бастамалар экологиялық жауапкершілікті нығайтуға, қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселелері төңірегінде біріктіруге және болашақ ұрпақ үшін қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.