Басты бет Петропавл жаңалықтары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавл қаласындағы ірі сауда нүктелерінде азық-түлік бағаларын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавл қаласындағы ірі сауда нүктелерінде азық-түлік бағаларын тексерді

by Камилла Кәрім

views 40
cover

Бүгін Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы ірі сауда нүктелерінде бірінші кезектегі азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Өңірде бағаның өсуін тежеу мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Өткен жылы оның қаржыландыру көлемі 2,9 млрд теңгені құрап, шамамен 13 мың тонна өнім сатып алынды. Бұл қала халқының үш айлық қажеттілігінің 50%-ын құрайды. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қорында шамамен 12 мың тонна өнім бар.

«Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі 15%-дан аспайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19 атаудан 31 атауға дейін кеңейтілді, бұл халықты қолжетімді бағамен әртүрлі өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық өнім 32 сауда нүктесі арқылы, оның ішінде ірі сауда желілері, сондай-ақ Петропавл мен Бескөлде орналасқан тұрақтандыру қорының 8 нүктесінде сатылады. Бағаның өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды арнайы мониторингтік топ жүзеге асырады», – деді өңір басшысы.