Басты бет СҚО жаналықтары Күш, төзімділік, командалық рух: «Солтүстік 2026» қысқы спорт мерекесі М. Жумабаев ауданында өтті

Күш, төзімділік, командалық рух: «Солтүстік 2026» қысқы спорт мерекесі М. Жумабаев ауданында өтті

by Камилла Кәрім

views 149
cover

10 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев ауданында «Солтүстік 2026» қысқы спорт мерекесі аясында Қысқы Президенттік көпсайыс өтті. Аталған жарыс ауданның спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, салауатты өмір салтын ұстанатын және белсенді демалысты қолдайтын жандарды бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Жарысқа ауданның әртүрлі елді мекендерінен келген шамамен 90 спортшы қатысты. Қатысушылар ату, күш гимнастикасы және шаңғы жарысы сынды бірнеше спорт түрінен бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен ұйымшылдықты көрсетті. Әрбір кезең спортшылардан тек физикалық күш пен дәлдікті ғана емес, сонымен қатар шыдамдылықты, жинақылықты және жеңіске деген жігерді талап етті. Жарыс барысы тартысқа толы өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Булаево қаласының командасы жеңіп алды. Екінші орын Полудин ауылдық округінің спортшыларына бұйырса, үшінші орынды Алтын Дән ауылдық округі иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттармен марапатталды.

Қысқы Президенттік көпсайыс бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосты. Мұндай спорттық іс-шаралар жастарды жігерлендіріп, қоғамда белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.