Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавл әуежайының қызметкерлері ведомстволық марапаттарға ие болды

Петропавл әуежайының қызметкерлері ведомстволық марапаттарға ие болды

by Камилла Кәрім

views 125
cover

Қазақстанның Азаматтық авиация қызметкерлері күні қарсаңында Астанада Қызыл-Жар халықаралық әуежайының қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды SKO24.kz.

«Еңбек ардагері» медалі азаматтық авиация саласында 46 жыл еңбек еткен Анатолий Николаевич Моложенкоға табысталды.

«Құрметті авиатор» төсбелгісі авиациялық қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы Айгуль Сапарбековна Бикеевaға берілді. Ол салада 30 жылдан астам еңбек етіп келеді.

Әуежай басшылығы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс білдіреді.