Қоғамда заң мен тәртіп тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстаноблысының прокуратурасы 2026 жылғы 30 қаңтарда халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға және құқықтық көмек алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Халық заңгері» ауқымды іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды SKO24.kz.
Акция Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бірінші басшыларының, облыстың аудандары және Петропавл қаласы әкімдіктерінің, Полиция департаментініңғ әділет, басқа да мемлекеттік және уәкілетті органдардың ұйымдастыруымен өтті. Шараға сонымен бірге жеке сот орындаушылары, адвокатура және нотариаттың өкілдері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, азаматтарға жедел құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Іс-шара барысында облыс тұрғындарына әлеуметтік қорғау, еңбек және отбасы құқықтық қатынастары, атқарушылық өндіріс, тұрғын үй заңнамасы және басқа да маңызды бағыттар бойынша тегін заңгерлік консультацияларберілді.

«Халық заңгері» акция аясындағы іс-шаралар Петропавл қаласындағы бірнеше алаңда, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында, оның ішінде мәдениет мекемелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде және басқа да көпшілікке қолжетімді орындарда өткізілді. Бұл тұрғындарды барынша қамтуға және құқықтық көмекті ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік берді. Қабылданған азаматтардың жалпы саны шамамен 2 мың адамды құрады.
Акцияның өткізілуі мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға, сондай-ақ қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықтың тұрақты қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етті.