Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын оң бағалады

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын оң бағалады

by Камилла Кәрім

views 13
cover

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын белсенді түрде талқылап жатыр. Петропавл қаласындағы №17 Ұлттық жаңғыру кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова жаңа Конституция жобасын толық қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Директордың айтуынша, жоба азаматтар, қоғамдық институттар мен сарапшылардың пікірін ескере отырып әзірленген және елдің болашағына бағытталған. Конституция өскелең ұрпақтың дамуы үшін берік құқықтық және әлеуметтік негіз қалыптастырады.

«Біз, Ұлттық жаңғыру кешені мектебі ретінде, барлық ұлт пен ұлыстарды бір шаңырақ астында біріктіруді басты мақсат деп санаймыз. Жастар мен оқушыларға қажет барлық мүмкіндік жаңа жобада қарастырылған. Біздің жастарың сауатты, ақылды және бәсекеге қабілетті болуы тиіс - бұл жаңа Конституция олардың осындай құқықтарын қамтамасыз етеді», - деді Ләззат Жалмұқанова.

Жоба аясында мемлекет пен діннің айқын бөлінуі, білім беру мен тәрбиелеудің зайырлы сипаты бекітілген. Бұл қадам барлық азаматтардың тең және үйлесімді дамуына берік құқықтық негіз жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа Конституцияны әзірлеу бастамасын бұған дейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Искендир Илеюсизов те қолдаған. Ол бұл қадамды ел мен қоғам үшін маңызды әрі тарихи деп бағалады.