Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысындағы 20 колледж студенттері үшін жас құқық бұзушыға қатысты көрсетілімдік сот процесінің онлайн-трансляциясы ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы 20 колледж студенттері үшін жас құқық бұзушыға қатысты көрсетілімдік сот процесінің онлайн-трансляциясы ұйымдастырылды

by Камилла Кәрім

views 16
cover

Петропавл қаласында қалалық сот облыс орталығының 20 жастағы тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды. Ол бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында көрсетілімдік сот процесі өткізілді — сот отырысының барысын онлайн трансляция арқылы жүздеген студент тамашалады. Қала прокуратурасының хабарлауынша, мұндай формат жазаның бұлтартпастығы қағидатын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды SKO24.kz.

2025 жылдың жазында жас жігіт алкогольдік масаң күйде супермаркеттердің бірінде қоғамдық тәртіпті бұзып, екі жәбірленушіге дене жарақатын келтірген. Сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұзақылықтың алдын алу және жастардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында прокуратура көрсетілімдік сот процесін ұйымдастырды. Онлайн трансляцияға облыстың 20 колледжінен 750 студент қатысты. Жастарға бұзақылыққа байланысты қылмыс жасаудың құқықтық салдары көрнекі түрде көрсетілді.

Прокуратурада бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны еске салынды. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болуға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.