Басты бет СҚО жаналықтары СКО-да көлік және жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қорытындыланды

СКО-да көлік және жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қорытындыланды

by Камилла Кәрім

views 21
cover

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық әкімдік ғимаратында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының алқасы өтті. Жиын барысында саланың атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2025–2026 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштер мен даму жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Қазіргі таңда өңірдің маршруттық желісі 120 автобус бағытын қамтиды. Оның ішінде 55 бағыт — облысішілік, 25 бағыт — ауданішілік, 18 бағыт — қалалық, 9 бағыт — қала маңындағы, 9 бағыт — ауылдық және 2 бағыт — облысаралық қатынасты қамтамасыз етеді.

100 және одан да көп тұрғыны бар елді мекендердің 84%-ы тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.

2026 жылы облысішілік бағыттарды субсидиялауға 900 млн теңге, ал қалалық қоғамдық көлікті қолдауға 3,5 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыру көлемі жыл сайын кезең-кезеңімен артып келеді.

Облыста автожолдардың жалпы ұзындығы 6,4 мың шақырымды құрайды. Оның 2 мың шақырымы — облыстық, 4,4 мың шақырымы — аудандық маңызы бар жолдар. 2025 жылы 125 жобаны іске асыруға 29,6 млрд теңге бөлініп, 640 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде 540 шақырымы — жергілікті маңызы бар жолдар, 100 шақырымы — елді мекен ішіндегі жолдар.

Сонымен қатар өңірде 100 шақырым көше-жол желісін жаңарту жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары жалпы көлемнің 90 пайызын құрайды.

Сапаны бақылау мақсатында өткен жылы 156 тексеру жүргізіліп, 913 материал сынамасы алынды. Мердігер ұйымдар шамамен 16 мың шаршы метр жол жабынын қайта төсеу жұмыстарын атқарды.

Алқада көлік және жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары елді мекендердің қолжетімділігін арттыруға, жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны атап өтілді.