Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде экономиканы дамыту және су тасқынына қарсы шараларды талқылау мәселелері қаралды
Бөлісу
Әкімдіктің отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды SKO24.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы барлық негізгі салаларда экономикалық өсім көрсетті. 2026 жылдың қаңтар айының деректері бойынша оң динамика сақталуда: өнеркәсіп — 7,7%, ауыл шаруашылығы — 5,8%, құрылыс — 35,1%, тұрғын үйді пайдалануға беру — 23%, сауда — 37,7%, көлік — 10,4%.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің инвестиция тартуға және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталуы қажет екенін ерекше атап өтті. Сол себепті 2026 жылға экономиканың өсуін кемінде 7%-ға жеткізу және негізгі салалардағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу міндеті қойылды.

Су тасқыны кезеңіне дайындық та ерекше бақылауда. Қауіпті аймақта 112 елді мекен бар. Дайындық аясында жалпы ұзындығы 24,5 шақырым болатын 6 қорғаныс бөгеттерінің құрылысы пысықталуда.
Жедел әрекет ету үшін 2 223 құқық қорғау және жергілікті орган қызметкерлерінен құралған топ, 1 428 бірлік арнайы техника және инертті материал қоры жасақталған.
Отырыс барысында облыс әкімі профилактикалық шараларды күшейту, дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтау және халықты тұрақты хабардар ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Барлық жұмыстар облыс әкімдігінің қатаң бақылауында.
Бөлісу