Басты бет СҚО жаналықтары Петропавлда «Мағжан мұрасы – жастардың көзқарасымен» тақырыбында «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында мәдени-ағартушылық бағдарлама өтті

Петропавлда «Мағжан мұрасы – жастардың көзқарасымен» тақырыбында «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында мәдени-ағартушылық бағдарлама өтті

by Камилла Кәрім

views 91
cover

Петропавл қаласындағы «Мағжан Жұмабаев орталығында» «Мағжан мұрасы – жастардың көзқарасымен» атты мәдени-ағартушылық бағдарлама ұйымдастырылды. Шара «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында өтіп, оған мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Сонымен қатар ақынның туған жері – Мағжан Жұмабаев ауданында да арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, балалар тарихи-өлкетану музейіне барып, ұлы ақын әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында заңға бағынатын, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және ақынның рухани мұрасы арқылы патриоттық тәрбие беру.

Бағдарлама барысында қатысушылар бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған шығармашылық мұраға назар аударып, азаматтық, әділдік және Отанға адалдық идеяларын талқылады. Жастардың ерекше ықыласына ие болған мына жолдар:

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты —
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!»

Бұл сөздер іс-шараның рухани өзегіне айналып, ел дамуына үлес қосатын білімді әрі заңды құрметтейтін жастарды қалыптастырудың маңызын айқындады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамаларды жалғастыруда.

Мұндай іс-шаралар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, өз тарихын құрметтейтін және болашағы үшін жауапкершілік сезінетін ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.