Басты бет СҚО жаналықтары 15 наурыз – республикалық референдум күні Петропавлдағы барлық қалалық автобус маршруттарында жол жүру тегін болады

15 наурыз – республикалық референдум күні Петропавлдағы барлық қалалық автобус маршруттарында жол жүру тегін болады

by Камилла Кәрім

views 82
cover

15 наурыз күні Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін республикалық референдумға байланысты Петропавл қаласында қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұйымдастырылады. Бұл шара облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлығы үшін жасалып отыр, деп хабарлайды SKO24.kz.

Сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін азаматтар автобус маршруттарын тегін пайдаланып, өздерінің дауыс беру учаскелеріне артық шығынсыз әрі қолайлы жағдайда бара алады. Айта кетейік, 15 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 365 мыңға жуық тұрғын өз азаматтық ұстанымын білдіре алады.

Бұған дейін тұрғындарға, егер дауыс беру күні азамат тіркелген жерінде болмаса да, референдумға қатыса алатыны ескертілген. Ол үшін дауыс беру құқығын беретін куәлік алу қажет.

Оны алу үшін 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін азамат өзінің учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі тиіс. Мұндай куәлікті сенімхат бойынша өкіл арқылы да алуға болады.