Петропавл қаласындағы «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша өтетін республикалық референдумға арналған концерттік бағдарлама өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Сауда орталығына кіреберісте келушілерге жаңа Конституция жобасы туралы ақпараттық брошюралар таратылып, концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырылды. Сахнада әртістер көпшілікке жақсы таныс патриоттық әндерді орындап, көрермендер оларға қосылып, бірге ән айтты.
.jpeg)
Концерт барысында өңірдің танымал қоғам қайраткерлері де сөз сөйледі. Олар республикалық референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Конституция жобасының елдің одан әрі дамуы үшін маңызды деп саналатын негізгі ережелері туралы айтты.
.jpeg)
«Бүгінгі шараға жастардың көптеп келгені қуантады, өйткені еліміздің болашағы – солардың қолында. Біздің міндетіміз – адамдарға жобаның негізгі ережелерін және олардың біздің өмірімізге, мемлекеттің дамуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Сондай-ақ азаматтардың референдумға қатысуының маңыздылығын атап өтеміз. Баршаңызды 15 наурыз күні өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, дауыс беруге шақырамын», – деді қоғам қайраткері Владимир Витченко.
.jpeg)
Шара қонақтары мұндай формат мәдени демалысты пайдалы ақпарат алумен ұштастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Келушілердің арасында жастар көп болды, олардың кейбірі үшін алдағы референдум дауыс беруге қатысудың алғашқы тәжірибесі болмақ.
15 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 365 мың тұрғын өз азаматтық ұстанымдарын білдіре алады. Петропавл қаласында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бұл күні қоғамдық көліктерде тегін жол жүру ұйымдастырылады.